Меню KDT

logo.png?_=1680092460

Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

«№2 жалпы білім беретін мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 


+7 (7292) 349803

Мектеп тарихы

2015-2020 оқу жылдары 

image--000__ab0f3abd486de22b9f96af876451f3ff.jpg 

2020-2021 оқу жылы 

  

«№2 жалпы білім беру орта мектебі» ММ 1984 жылдан бастап «№18 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп»  ретінде іске қосылған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы  №261қ-қаулысымен Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «№2 жалпы білім беру орта мектебі» КММ болып өзгертілді.
Мектептің сыйымдылығы:  960 орындық.
Мекен-жайы:  Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе селолық округі, Желтоқсан көшесі №30 ғимарат
Телефоны: 46-42-00, факс: 46-42-00
Эл.поштасы: shkola_2kz@mail.ru
Құрылтайшысы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының әкімдігі
Мектеп жарғысының тіркелген орны: Мұнайлы ауданының Әділет басқармасы
Тіркеу куәлігі: №0066828 серия АБ
Мемлекеттік лицензияның берілген күні: 11 қыркүйек 2008 ж
Мерзімі: шектелмеген

 

 

 

 

 

МЕКТЕП ТАРИХЫНДАҒЫ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ

Мектептің алғашқы директоры:

Даң Сисен Боқыбайұлы

Жумабаев Ғабдолла Әкімұлы

Төлеген Максим Салемханұлы

Курашев Ерғали 

Аталиков Якуб Каирович

Овезов Есен Орынбасарович

Дәрібаев Қайрат Пионерович

Нұрболат Зәуреш 

Адилбекова Каршигул Хамзахоновна

Тағанияз Өмірхан Базарұлы

Ташов Мәди Қалашұлы

Суюнов Бердихан Кульбергенович

Ақтау қаласы Қызылтөбе елді мекеніндегі №18 орта мектебі Мұнайлы аудандық атқару комитетінің 10.02.1983 жылғы №31 шешімімен Мұнайлы орта мектебі болып ашылған. 01.09.1988 жылы Шевченко қалалық білім бөлімінің №30 бұйрығымен Ақтау қаласы «№18 орта мектебі» болып ауыстырылды.
Маңғыстау облыстық әділет басқармасында 1999 жылдың 28 маусымында (тіркеу номері 2805-1943-ММ) тіркелген. Білім беру қызметін Маңғыстау облыстық білім басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйекте берілген 0001320 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүргізеді. Лицензия жалпы орта білім беру шеңберінде білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар екендігін растайды.
Мектептің алғашқы ғимаратының сыйымдылығы 1984 жылы 624 орынға, 1988 жылы 360 орынға бастауыш сыныптарға арналған екі қабатты қосымша құрылыс және 1992 жылы 360 орынға екі қабатты қосымша құрылыс салынып, пайдалануға берілген. Ауыл тұрғындарының саны кобеюіне және қандас бауырларымыздың көшіп келуіне байланысты оқушы саны да көбейді. 2004 жылы сыйымдылығы 720 орынға арналған үш қабатты қосымша құрылыс салынып пайдалануға берілген.

   

6-шілде 2007 жылы Қазақстан Республикасында бірінші болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Маңғыстау облысының әкімшілік аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №338 Жарлығына, Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мұнайлы ауданы әкімдігінің құрылымы туралы» 2007 жылғы 6 шілдедегі №213 қаулысына сәйкес, жаңа Мұнайлы ауданы ашылды.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан «№2 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің егеменді еліміздің өскелең ұрпағын оқытып, тәрбиелеуде атқарып жатқан игі істері белгілі. 



«№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің тарихы

1984-1994 жж

                               

       Боқыбаев Сисен  1984-1990 жж.     


                   

     Жұмабаев Ғабдолла 1990-1992 жж.     

 

1983 жылдың қазан айында қабылданған шешімі бойынша  Қызылтөбеде көптен күткен оқу ордасы 1984 жылы 16 қаңтарда ашылып, орта мектепке Сисен Боқыбаев директор болып бекітілді. Ш.Әленов, Ғ.Жұмабаев, Г.Маулимова, С.Сахарбаева, Ж.Тасмағанбетов тәрізді оқу ісінің меңгерушілері, ұйымдастырушы А.Таласбаева, оқу-тәрбие жұмысының орынбасары К.Жұмашева мектепте оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, білім сапасын көтеру үшін сабақ үдерісіндегі өзгерістерді қолға алды. 36 сынып комплектісі, 836 баламен бастаған Қызылтөбе мектебінде бала саны 1400-ге дейін өсіп, 180-ге дейін мұғалім болды. Мектептің танымалдығы артты, ауыл тұрғындары өте ден қойып, екіжақты байланыс орнады. Сол кездегі ардагер ұстаздарымыз С.Сахарбаева, З.Жұмаханова, Д.Төленова, Г.Маулимова, Ғ.Айбасова, К.Жұмашева, Х.Елемесов, А.Дүйсенбаевалар уақытпен есептеспей жұмыс жасап, қайтсек оқытудың жаңа технологиясын жүзеге асырамыз, қайтсек жас ұрпаққа саналы білім береміз деп, жиі-жиі бас қосып, жақсы іс-тәжірибелерді ортаға сап, ой бөлісіп, жас ұстаздарға бағыт беріп отыратын. Соның нәтижесінде мектебіміз білім, өнер, спорт жағынан жақсы жетістіктерге қол жеткізді.

 

  
  Мектебіміздің алғашқы түлектері

 

    

      

    
    
    



Алғашқы 1985 жылдың түлектерінің  сынып жетекшілері

                
             11 «а»  ЕлемесоваҚатима        

         

               11 «б»ЖумашеваКулаш

 

                                    Түлектерден естелік...

Сисен Боқыбаев ағамыз - сабырлы, салмақты, балаға дөрекі сөйлеп, ұрысып көрмеген  басшы. Өз iciнiң маманы 1984-1985 жылдары оқушы кезiмiзде де, 1991-1994 жж  қарамағында қызметтес болған кезiнде де сабырлы, байсалды мiнезiнен басқа  олқылық мiнез байқамаппын. Қазiргi басшылар сияқты рейтингке, атаққұмарлыққа емес, баланың адамгершiлiгi мен бiлiмiне көп мән берген басшы. Сондықтан болар, орынбасарлары әр ақыл-кеңесіне пiкiр қоса отырып, тапсырмаларын бұлжытпай орындайтын. Барлық мұғалiмдерге және оқушыларға  бiрдей қарайтын қарапайымдылығымен есiмде қалыпты,  қалады да.

 

                                                                                                                    Молдағалиев Үсенғали

Боқыбаев Сисен ағай- 1984 жылғы қаңтарда ашылған осы мектептің ең алғаш директоры. Сол кездегі оқушы, біздер үшін мектеп директорының эталоны Сисен ағай болды. Өйткені ағай үнемі ұқыпты жүретін, көп сөйлемейтін, ісіне мығым, жаны таза, талапшыл. Өмірлік ұстанымы биік, талғамы жоғары, терең білімді Сисен ағай тек оқушыны ғана емес, бүкіл ауылды, мектеп ұжымын тәрбиеледі, ұстаздарға ұстаз бола білді. Ол кісінің ұстаздық мектебінен өткен көп мұғалім ағайдың жақсы қасиеттерін, педагогикалық шеберліктерін өздеріне сіңіріп, жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланып та жүр.

 

                                                                                                                     Иманова Нұрсұлу

Ұстаз деген ұғым – мен үшін өмірде ұстанымы биік, ойы ұшқыр, өзіне де, өзгеге де талабы мен талғамы жоғары тұлға. Осындай үлкен жүректі ұстаз Сисен ағай дер едім. Бұл кісі – нақты, нәтижелі істі сүйетін адам. Заманның жаңғыруына қарай бейімделе білетін, алда болатын өзгерістерге алдын ала ұжымды бағыттай білетін көрегендігі бір бөлек дүние. Өзіңнің не айтқың келіп тұрғанын білмесең, ағайдың алдына келудің қажеті де жоқ.

        Осы үлкен талап қоюдың арқасында Сисен ағай Қазақстанға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдарды қалыптастырды деп ойлаймын. “Ұстазы мықтының – ұстамы мықты” демекші, өмірде қиындықтарға қиналып тұрсақ та бас имейтініміз осыдан болар...

 

                                                                                                                     Мақанова Айжан

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт деп ойлаймын. Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме, осы кемеде 10 жылды әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Міне осындай мектепті біздің ұлы ұстазымыз Сисен ағайымыз алғаш рет Қызылтөбе елді мекенінде 1984 жылы ашып, балалар мен ата-аналарды қуантты. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық, сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады» дегендей, ұлы ұстазымыз  Сисен ағай,сол кездегі халықтың, балалардың жағдайын жасап, алысқа дорбалағанша, жақынға домалаң деп, үлкен зәулім мектепке қол жеткізді. Сол кездегі қуанышымызда шек болмады. Оның іші керемет, осы мектебім болмаса мен білімді бола алмас едім! Жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп, міне, қазір мектеп қабырғасынан ұшкалы 30 жыл өтіпті. Мейірімді ұстаздар мен тәрбиешілерге алғысым шексіз. Сисен ағайдың ортасы өзі секілді мейірімді, жылы лебізді, қамқоршы,  бойындағы бар білімін оқушыларына сіңірген ұстаздарымыз қаншама! Ұстаздың жолында шаршамай, талмай қызмет етіп жүрген асыл жандарымыз барша құрметке лайық. Осының бәрін  Сисен ағайдың еңбегі деп білемін! «Ұстаз» деген атқа ие болған адам бақытты адам деп ойлаймын. Себебі олар әрбіріміздің тағдырымызға әсер етіп, әрқашан тірек болып қасымыздан табылады.                                                                                                                      

 

                                                                                                                  Жиенғалиева Алия

 

Ұлылықтың басындағы кемеңгерім,

Тер төгіп елі үшін елеңдедің.

Өзіңіздей қазыналы қариялар,

Білгімнің ұрпағына берер кенін!

Білімнің ошағы – мектебім,

Қалдырып жаз, күз, қыс, көктемін

Сан түлек шарықтап қияға,

Тарихың – шежіре, өткенің

Білімнің ордасы мектеп саналатын,

Мұғалім ғой, арқалайтын аманатын

Ғылымның арнасына бағыттайды,

Дайынғып, өмірге жол таба алатын

Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік,

Есіміңіз ұмытылмас жаңғырып.

Ардагерлер – кемеңгер ұстаздарым,

Орын алар биік төрден сән құрып.

 

                                                                                                                Бекжанова Нүрия

Ұстаз – шәкірт үшін адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісі. Есейіп, ержетіп, өмірден өз жолымызды тауып кетсек те оқушы кездегі есімде қалған ұстаз бейнесі уақыт өтіп, сенен алыстаған сайын бағасы жоғарылай береді екен... Сондай ұстаздардың ұстазы бола білген Сисен ағай менің санамда 2-сынып оқып жүрген кезден бастап сақталыпты. 1984 жылдың 16 қаңтары күні Қызылтөбе кентінде мектептің ашылу салтанатында Сисен ағайдың мектептің кілтін қолына ұстап тұрып сөйлегені әлі күнге дейін көз алдымда...

 “Ұстаз – ұлы тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты” деген даналық сөз де Сисен ағайға арналып айтылғандай.

                                                                                                                     Иманова Айжан

Бер есте, болмыс бейнең, ісің анық,

Үлкен, кіші, дос, туыс, шәкірт танып.

Азамат, ұстаз кемел толған кезде,

Жұлдыздай, қас қағымда кеттің ағып.

 

                                                                                                          Сисен Боқыбаев

Дос едің, туыс едің, ұғым берік.

Қимас, сыйлас Ғабдолла, ізгілікпен

Тұратынсың, иіліп сәлем беріп.

Жат ұғым, жалған сөзді жат көргенің.

Адал, әділ, шындықты парыз біліп,

Жұп-жұмсақ болушы еді сол бір үнің.


1995-2006 жж

1992-2006 жылдар аралығындағы мектеп тарихы

 

Төлеген Максым Салемханұлы
    
   
   
 

Қызылтөбе мектебінің 20 жылдығына

Сол бір кез мекен болған Қызылтөбе,

Отыз жыл толған екен бұл мекенге.                                                      

Ал мектептің тарихы екі ондық,

Көп іс бар айтылатын сіз бен бізге.

 

Ғабдолла, Жәдігер мен Гүлбаршынды,

Шералханды еске алса болар мұңды.

Мұра-мұрат шақыру істің басы

Айшықталған тақырып талай құнды.

 

Осындай ұғым мақсат қойып алға

Дәмеш, Жиде, Ағлен және Ольга,

Сақыпжамал, Күләш пен Злиха да,

Еңбек еткен санаспай Хатима да.

 

Назым, Жамал, Ұлболсын, Сұлуша бар,

Ерлан, Сүйін, Мекетай, Төрехан нар,

Несіп, Құртқа, Ғалия, Мөлдір мен Сән

Дегендей, сұранып тұр есіңе ал.

 

Қараша, Балшырын мен Жібек, Сая,

Базаргүл, Ерлан, Бейбіт, Күлте, Рая,

Анар, бар аталмаған жастар өңкей

Ізденумен жетілген, бәрі дана.                                             

 

Даң-Сисен Боқыбайұлы


         

           


2006-2015 жылдар аралығындағы мектеп директорлары
  
Құрашев Ерғали Өтесбайұлы

 




Айтыскер – ақын Мэлс Қосымбаевпен кездесу

  



                             Мектебіміздің  30 жылдығы


          

Уақыт мынау дәуір, заман – өткелі

Шежіре-жыр бүгіні мен өткені.

Талай-талай таланттарды түлеткен

Алтын ұя -Қызылтөбе мектебі.

 

Ақ маржандай шашылған ақ тілектер,

«Мектебім!»-деп соғады ыстық жүректер.

Келің бірге осы әнді шырқайық,

Тілегі бір, жүрегі бір түлектер.

 

Ұстаз – жүрек, тыншымайды мәңгілік,

Шәкірттерің шырқап айтар ән қылып.

Күннен-күнге көркейе бер, мектебім,

Қоңыраудың үні сынды жаңғырып.

 

Мектеп – Ана білім нұры, кенісің,

Тағылымның таусылмайтын кенішім

Ұландардың ұлағаттың жемісі,

Менің барлық жеңістерім сен үшін.

 

Құдабаев Ахмет

 

        

 
 

Choose Color