https://www.instagram.com/p/Cpwy6iqqjKJ/?utm_source=ig_web_copy_link
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 2-тарауының 4-параграфы 78-тармағына, Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымына тағайындау үшін конкурстық комиссия отырысының 06.03.2022 жылғы №2 хаттамасына сәйкес, Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының бұйрығы негізінде, Суюнов Бердихан Кульбергенович 2023 жылдың 13 наурыз күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.